Қарыз алушыларға кредит бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда не істеу және қайда жүгіну керектігі жөнінде Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Агенттік азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тетігі енгізілген сәттен бастап бір жыл бойы тұрақты негізде банктердің және МҚҰ-ның осы тәртіпті қолдануының мониторингі мен талдауын жүргізуде. Кредиттік ұйымдар қарыз алушының өтінішін кезең-кезеңмен қарау процесін қоса алғанда, қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін қолдануды регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Банктер мен МҚҰ өз клиенттері үшін ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және бар болса мобильді қосымшаларда ақпарат орналастырады, сондай-ақ call-орталықтар арқылы азаматтарға кеңес береді.
Агенттіктің мәліметінше жасалған кредиттік шарттардың талаптарын өзгерту үшін банктер мен МҚҰ-ға...