1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,2 млрд теңге бөлінді. Бұл турал ҚР Еңбекмин хабарлады.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы...