Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінің шекара маңында жер қазып, соғысқа дайындалып жатқанын айтты.
БелТА агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Лукашенко елдің соғысқа дайындалып жатқанымен, соғысқа қатысуды қаламайтынын атап өткен.
«Бізді соғысқа қатысқысы келеді дейтіндердің сөзіне сенбеңіз. Соғысқа дайындалып жатырмыз, бұл туралы ашық айтамын. «Бейбіт елде өмір сүргің келсе, соғысқа дайындал» дейді. Мұны мен ойлап тапқан жоқпын. Бірақ өте дұрыс айтылған», – деді Лукашенко Гродно қаласына барған ресми сапарында.
Ол өз елінде қажетті дайындық жүргізіліп, әскерге түрлі қару-жарақ пен техника жеткізіліп жатқанын атап өтті.
Оның сөзінше, «достық ниеті жоқ» елдерден біреу ренжіп, Беларусь елін сынға алса...