Алдағы екі жылда коллекторлық кеңселер проблемалық несиелері бар портфельдерді банктерден сатып ала алмайды. Қазақстандықтардың банк алдындағы қарыздарын коллекторларға сату 2026 жылға дейін тоқтатылады. Мұндай шара несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдағы өзгерістер мен толықтыруларда қарастырылған.
Депутаттар ұсынысы
Заң жобасын талқылау барысында депутат Никита Шаталов биыл жыл басында коллекторлық агенттіктердің портфелінде жалпы қарызы 382 миллиард теңгені құрайтын 890 мың қарыз алушы бар екенін атап өтті. Шаталов коллекторларға қарыздарды сатуға толық тыйым салу жөнінде депутаттар құрамының ұсынысы болғанын еске салды.
«Бізге коллекторлардың жұмыс тәсілдері белгілі – бұл көбінесе қарызды өндіріп алу...