«Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасындағы акция сауда-саттығы 4 ай қатарынан рекорд орнатты. Ақпан айындағы сауда-саттық көлемі 42,2 млн доллар немесе 19 млрд теңгені құраған. Қаңтар айымен салыстырғанда сауда екі есеге жуық өскен. Қаңтарда биржадағы акциялардың сауда көлемі 25,5 млн доллар немесе 11,4 млрд теңге болған.
Ақпан айында Air Astana әуе компаниясының акциялары ең көп сатылса, ал қаңтарда – Polymetal International тау-кен өндіруші компаниясының құнды қағаздарына сұраныс жоғары болған. 2024 жылдың алғашқы айында акциялар сегментіндегі сауданың 37%-на шетелдіктер қатысқан.
AIX биржасындағы жалпы сауда көлемі 95,6 млн долларды құраған (43 млрд тенгеге тең). Қаңтар айында бұл көрсеткіш...