Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін тағы да ұрып, әкімшілік ескерту алды. Ол былтыр күздеде жұбайын ұрған, алайда екеуі татуласқасын жазадан құтылып кеткен.
Не болды. 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тұрлыхановқа қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарады. Жұбайын ұрып-соққан әнші Рахат Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту жасалды.
«Рахат Тұрлыханов кінәсін мойындады. Жасаған ісіне өкініп, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады», – делінген хабарламада.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2 бабы (1-1 б.) бойынша көзделген жаза – ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу. Алайда Тұрлыханов...