Елімізде тұтынушылық сенім индексі екінші ай қатарынан өсіп келеді. Жыл соңында Kursiv Researсh ай сайынғы дәстүрлі шолуларға қосымша ретінде, бұған дейінгі 13 зерттеудің нәтижесін қорытындылап түйіндеді. Оның ішінде біз 2022 жылдың қарашасы мен 2023 қарашасы аралығында қазақстандық тұтынушылардың көңіл-күйіне әсер еткен негізгі трендтер мен факторларды бөліп көрсеткенді жөн көрдік. Сондай-ақ, біз зерттеу нәтижелерін ресми статистикамен де салыстырғанды дұрыс санадық.
Трендтің күші
Айта кету керек, біз қарастырып отырған кезеңде ел ішіндегі тұтынушылық сенім индексі мейлінше құбылмалы болды, яғни экономикада болып жатқан өзгерістер мен инфляциялық құбылыстарға барынша сезімтал сипатта қалыптасып жатты. Зерттеу кезеңі аясындағы бірінші жарты жылдықта ССІ төмендеуге жол берді: бастапқы...