Мәжілісте тұрғын үй саясатын реформалау бойынша арнайы әзірленген заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. 2021 жылғы 31 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген заң жобасы реттеліп жатқанымен, баспанамен қамту қарқыны сол қалпы баяу. Бұл мәселені мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев көтерді.
Тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты баяандама оқыған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға қатысты мәліметтерге тоқталып, кезекте тұрған 646 мың азаматтың 232 мыңы тізімнен шығарылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 96,1 мың адамда соңғы 5 жылда тұрғын үйі болған, 533 адамның азаматтығы жоқ, 91,4 мың адамның тіркеу орны кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді, 29 мың адамда...