Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге шабуыл жасағандарды бір жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
Базарбек «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау кезінде «журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені» үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Қазір осы бап бойынша құқық бұзушы 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Мәжілісмен бұл мерзімді бір жылға дейін ұзарту керек екендігін айтты.
«Егер адам бұл қылмыс үшін 45 күнге емес, нақты ұзақ мерзімге, мысалы, 1 жылға қамауға алынатынын білсе, шабуылдауды тоқтатады», – деді депутат.
Базарбек түзетуді бас прокуратурамен «мұқият зерттеп», жұмыс тобының қарауына ұсынғанын айтты. Оның сөзінше, ұсынысты БАҚ қауымдастығы, Үкімет пен Ақпарат...