Борышкерлердің төлем қабілеті, жеке тұлға банкроттығы, бизнеске несие беру проблемасы және ақша-несие саясаты. «Курсив» тілшісі Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Ирина Кушнаревамен сұхбатта осы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар назардан банк секторына шетелдік ойыншылардың келуі, қос биржаның бірігуі, БЖЗҚ қаражатының инфрақұрылымдық мақсатқа пайдалануы және банк секторының жетістіктері де назардан тысқары қалмады.
Жеке тұлғаға берілетін несиелер
– S&P агенттігінің дерегі бойынша, төлемге қабілетсіз борышкерлерді несиелеудің өсуі қаржы сегментіндегі активтер сапасына қысым жасап жатыр. Сектордағы мұндай қауіпті байқадыңыз ба?
– S&P-нің 2023 жылғы маусымдағы банк секторындағы елдік және салалық тәуекелдерге қатысты бағалауында банк секторы активтері сапасының айтарлықтай жақсарғаны атап өтілген. Бұл...