Сайлауда жеңіске жеткен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің ұлықтау рәсімінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы жұмысқа басымдық беретінін айтты. Оған қоса, Армения мен оның жақтастары және үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына қатысты пікір білдірді.
Ол өзіне тағы да сенім білдіріп, дауыс берген Әзербайжан халқына алғыс айтты. Қарабаққа қатысты Армениямен келіссөз процесі туралы айта келіп, Армениямен оның жақтастарына ескерту жариялады.
«Әлем үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұр. Кейбіреулер бұл соғыс басталды деп санайды. Осы қиын сәтте Әзірбайжан армиясы өз күшін көрсетті. Армения және оның жақтастары бізді ештеңе тоқтатпайтынын білуі керек. Егер Армения өз заңдарын реттемесе, бізге қатысты аумақтық шағымдар тоқтамаса, бейбіт келісім болмайды...