Орта державалар халықаралық аренада белсенді әрі ықпалды экономикалық ойыншыларға айналып келе жатыр. Германиялық әйгілі SWP – ғылым және саясат қорының халықаралық саясат және қауіпсіздік институтының мамандары арнайы зерттеу жасап, орта державалардың әлеуетін, геосаяси жағдайларға байланысты туындап жатқан тығырықтан шығу амалдарын зерделеген.
Орта держава қатарына олар Түркия, Израиль, Мысыр, Сауд Арабиясы, Үндістан, Индонезия, Эфиопия, Кения, Оңтүстік Африка, Мексика, Бразилия және Қазақстанды кіргізеді. Айтуларынша, бұл елдердің өзара үш ұқсастығы бар:
Экономикалық дамудың ең бірінші кезектегі маңыздылығы; Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ерекше мән беруі; Стратегиялық автономияға ұмтылуы.12 держава да Қытаймен қатынасқа мүдделі
«Бұл елдер экономикалық және әлеуметтік даму...