Алға зауыты төккен химиялық қалдықтар жерүсті және жер асты суларын ластаған / Көрнекі фото: kursiv.media
1934 жылы құрылып, 1996 жылы ресми түрде банкрот деп танылған Ақтөбе облысындағы С.Киров атындағы Алға зауыты Елек өзені мен Алға қаласының техногендік ластануына әкелген. Осы мәселені көтеріп, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары А.Ш.Нұғманов пен Б.Н.Қаниев премьер министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады.
Сенторлардың айтуынша зауыт 1996 жылы тоқтағаннан кейін оның ғимараттары мен құрылыстары қираған. Зауыттың өндірістік алаңы өндіріс қалдықтарымен толып кеткен.
«Зауыт ешқашан өндіріс қалдықтарын қайта өңдеген емес. Ол соғысқа дейінгі уақытта салынған. Ол кезде қатаң санитарлық және экологиялық ережелер...