Астанада Qalam мультимедиялық жобасының тұсауы кесілді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көретін Qalam халықаралық сайты ағартушылық бағытқа басымдық береді.
Мультимедиялық жобаның материалдарын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Мексика, Франция, Қытай АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей және басқа да мемлекеттердің айтулы ғалымдары мен тарихшылары әзірлейді. Әр мақала Qalam үшін арнайы жазылады және бірегей саналады.
Авторлардың қатарында Питер Голден, Султан Акимбеков, Зира Наурызбай, Рустам Шукуров, Лев Лурье, Джо Юп Ли сынды шығыстанушылар мен түркологтар бар.
Qalam-ның елордадағы таныстырылымына үкімет мүшелері, сенат депутаттары, елшіліктер мен консулдықтардың, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, отандық медиа-нарықтың басшылары және кәсіпкерлер қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығыны...