Алматы мектептері оффлайн оқуға оралады
15 желтоқсанна бастап Алматы мектептері оффлайн оқуға көшеді. Бұл жайлы Алматы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласының Білім басқармасы 2023 жылғы 15 желтоқсанда 0,1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін хабарлайды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8 аяз»,- делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Алматы мектептерінің 0-9 сынып оқушылары қатты аязға байланысты онлайн оқытуға көшіріліген болатын.
«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қолайсыз ауа райы жағдайы күтілетінін хабарлайды...