Американың танымал Wonderhill Studios компаниясы Қазақстанмен және Грузиямен бірлесіп кино одақ құрады.
Әзірге америкалық киностудия Грузиямен кәсіпорын құруға келіскен. Тиісті ынтымақтастық туралы меморандумға Цинандали қаласында қол қойылған. Wonderhill Studios бас директоры Марвин Пирттің айтуынша шығармашылық серіктестікке Қазақстан тарапы да қызығушылық білдірген.
«COVID-19 пандемиясына байланысты біздің студияда фильмдер өндірісі кешіктірілді. Сондықтан біз телешоуларға бет бұрдық. Мұндай тележобалардың Америкада сұранысы артып, танымалдыққа ие болды. Енді біз қалың аудиторияға арналған фильмдер шығаруға қайта оралғанды жөн деп таптық. Грузия – өте шабыттандыратын өңір. Қазақстан сияқты елдер біздің жобаларымызды жүзеге асыруға дайын екенін көрсетті», – деді.
Кино ода...