Алматыдағы 2-ЖЭО 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен, ал 3-ЖЭО 2026 жылы газға көшіріледі. Оңтүстік астанаға сапары барысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Алматы электр станциялары» АҚ 2-ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының жұмыстарымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
2-ЖЭО-да министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңінен өту жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.
«Алматы ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады» делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес 2-ЖЭО-дағы № 3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.