Jusan Bank-тің акционері «First Heartland Securities» KASE-де делистинг жасады/kursiv.media
Қазақстан қор биржасының ақпараттық бағанында Jusan Bank-тің акционері «First Heartland Securities» АҚ лицензиясының қолданылуы тоқтайтыны және қарапайым акцияларының epікті делистингіне жауапты тұлға тағайындалғаны хабарланды.
Компанияның жалғыз акционері Ғалымжан Есеновтың шешімімен «First Heartland Securities» АҚ лицензиясыньң қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті өтініш берілді. Айта кетерлігі, компаниядағы Ғалымжан Есеновке тиесілі толыққанды акциялар үлесі 97,98%-ға тең (8 262 711).
Сонымен қатар, компанияның қаржылық есебіне аудит жүргізуге қатынасатын аудиторлық ұйымды айқындау, жай акциялардың ерікті делистингіне қатысты мәселелер нақтыланған.
Шешімге сәйкес, «First Heartland Securities» АҚ лицензиясының қолданылуы тоқтатылуы...