Фото: kursiv.media
Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлердің табиғи апаттан шеккен шығынын өтеу тәртібіне өзгеріс енгізбек. Сонымен қатар, мал мен жабайы аң-құстан зардап шеккен егістіктіктерге келтірілген залалды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекітудегі министрлік құзыреті белгіленеді. Аталмыш құжат Ашық НҚА орталында жарияланған.
Құжатқа сәйкес, АШМ енді табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібін әзірлеп, бекітеді.
Биыл құрғақшылық салдарына Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шығынға ұшырады. 21 тамызда аймақта ТЖ жарияланып, ТЖМ Қаржыминінің қарауына ҚР Үкіметінің резервінен ақша бөлуді сұраған. Алайда өтінімхатты қараған Қаржымині, қолданыстағы қаулыға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар резервін пайдалану қағидаларында...