Қазақстанда 2025 жылға дейін мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Біз ешкімді алдына ала үрейлендіргіміз келмейді» деген министр 2025 жылға дейін профилактикалық жазалар болмайтынын айтты.
Министрдің айтуынша, бизнесмендердің екі шоты болуы керек. Бірі кәсіпкерлік қызметке пайдаланылса, екіншісі жеке мақсаттар үшін мобильді аударымдар үшін қолданылады.
«Егер бұл трансферт кәсіпкерлік қызмет аясында жіберілсе, әрине, мұндай айналымға салық салынады. Сондықтан, біз сол кәсіпкерлерге айтамыз, қазірдің өзінде оған дағдылану керек. 2020 жылы біз бұл туралы айтып, бірте-бірте екі шот аштырдық. Яғни кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шот...