Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда қатынастарын нығайту Пәкістан нарығына шығатын жаңа көліктік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан-Ауған бизнес форумына арналған брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«Ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетумен қатар, біз осы елмен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударып отырмыз. Екіжақты сауда қатынастарын нығайту оңтүстік бағытта жаңа көлік-логистикалық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл шамамен 220 миллион адамды құрайтын Пәкістан нарығына, сондай-ақ Пәкістанның Карачи және Гвадар порттары арқылы Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс нарықтарына тауар тасымалдауға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан-Ауған бизнес форумына...