Фото: Freepik
Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық подкастардың ішінде технология, стартап, жалпы алғанда IT туралы айтылатыны кемде-кем еді. Ал қазір бұл бағыттағы контент саны көбейіп келеді. Қазақшасының санымен мақтануға әлі ерте. Сондықтан ақпараттық технология саласына қызығатындарға орысша және қазақша шығатын подкастар топтамасын ұсынамыз.
Narikbi LIVE. Толықтай қазақша әрі қазақстандық подкастардың үздіктерінің ішінде жүретін, көпшілікке таныс, кәсіби және рухани даму туралы подкаст. Жүргізуші – Booking-те жұмыс істейтін бағдарламалаушы Нәрікби Мақсұт. Подкастында нақты ақпараттық технология жайлы айтылмаса да, арагідік IT-мамандар, кәсіпкерлер сұхбатқа шақырылып отырады. Мысалы, бір айдай уақыт бұрын Apple компаниясында жұмыс істейтін Тамирлан Сейдахметов қонаққа келді. Ол – Stanford...