Директорлар кеңесіне Қазақстандағы ең дәулетті адам – Владимир Ким мүшелік ететін KAZ Minerals тобындағы «KAZ Minerals Aktogay» 8 млрд теңге салықтан жалтарған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағанындай, Алматы қаласының прокуратурасы талдау барысында, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) салықты төмендету фактісін анықтаған.
«Аталған компания жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені белгілі болды. Салық заңнамасының талаптарына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады. Алайда, салық есептілігін зерттеу, ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15% -дың орнына...