Фото: kursiv.media
Қазақстан мен Вьетнам арасында да визасыз режим енгізіледі. Бұл туралы Үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық, жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы Келісімге қол қою – екі ел азаматтарының сапарлар рәсімдерін жеңілдете отырып, Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді», делінген құжатта.
Құжатқа сәйкес екі тарап азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.
Ал егер шетел азаматтары елде одан артық уақытқа қалуға ниет білдірсе, сол мемлекеттің заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес...