Сенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сенбілік кеңес өтіп, өңірлердің негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы қорытындыланды. Жиында кейбір өңірлерде қорда сақталған көкөніс көлемінің айтылған мөлшерден төмен екендігі айтылды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, азық-түлік бағасын тұрақтандыруда қол жеткізген көрсеткіштер мынадай: өткен аптада қант 0,6%, қарақұмық 0,4%, тауық 0,3%, сүт 0,2%, пияз 0,1% төмендеген. Ал сәбіз мен күнбағыс майының бағасы сол қалпында қалған. Қырыққабат (1,1%), күріш (0,9% ), айран (0,6%) секілді өнімдер керісінше, қымбаттай түскен екен.
Мамандар Маңғыстау облысында бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының 0,1 пайызға төмендегенін айтады. Бұл өңірде әлеуметтік...