Былтыр елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам әйел жүкті болып, 3 200 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады. Жүкті әйелдердің 99%-ы медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында. Туа біткен кемшіліктерді анықтау үшін жүкті әйелдерді скринингпен қамту 10%-ға артты. Өткен жылы клиникалық хаттамаларды жетілдіру, жүкті әйелдерді емдеуге жатқызуды нақты бағыттау, дер кезінде телемедициналық консультациялар және санавиациялық ұшуларды ұйымдастырудың нәтижесінде ауыр жағдайдағы 1 мыңнан астам әйелдің өмірі сақтап қалынды», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту нәтижесінде жүкт...