Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 4 қарашада теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (467,00 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 464,45 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Оның ішінде АҚШ негізгі мөлшерлемесінің жылдық 3,75-4%-ға дейін 75 б.т. артуы – басты оқиғалардың бірі. АҚШ ФРЖ Ашық нарықтар комитеті отырысының қорытындысы бойынша, төраға Джером Пауэлл пайыздық мөлшерлемені арттыру серияларын тоқтата тұруды талқылаудың «мерзімінен ерте» екенін атап көрсетті. Аталған отырыс қарсаңында АҚШ-тың қазынашылық облигациялары мен АҚШ долларының DXY индексі кірістілігінің артуы байқалды.
Бірақ, АҚШ Еңбек министрлігінің АҚШ-тың ауыл шаруашылығына жатпайтын секторындағы жұмыс орындарыны...