Қызылордада олар қуаттылығы 240 мегаватт заманауи жылу-электр орталығын салуға шешім қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
ЖЭО-ның жұмыс істеп тұрған ына 50 жылдан асты.
Мамыр айындағы Сыр еліне сапары барысында министр Болат Ақшолақов мұндай мүмкіндік алғаш болып Қызылорда өңірінде бастау алғанын тілге тиек еткен еді. Таяуда ғана нысан құрылысын жүргізетін инвестор компания анықталып, алғашқы жұмыстар басталса, бүгін арнайы жиында Нұрлыбек Нәлібаев инвестор түрік компаниясының өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асыру мәселелерін қарады.
Отырысқа жаңа жылу орталығының инвесторы «Акса Энерджи» түрік компаниясының Қазақстандағы басшысы Мустафа Кемаль мен ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының директоры Гүлжан Қалижанқызы қатысып...