Кейінгі кезде рубль күрт қымбаттап, құны 9 теңгеден асты. Осы орай еліміздің бас банкі маусым айында рубль бүкіл валютаға, әсіресе АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайғанын хабарлайды.
Оған себеп – РФ-да капитал қозғалысын бақылау шаралары, экспортқа шығатын тауар бағасы қымбаттап, ал импорт көлемі айтарлықтай қысқаруы. Бұған дейін енгізілген шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың қымбаттауы мен импорттың азаюы салдарына нығаюын жалғастырды. Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш – 9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді.
Ұлттық банк Ресей Федерациясында рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатқанын, тікелей шара қабылдауға РФ-ға қарсы енгізілген санкциялар қиындатып...