Жаз келсе, көпшілігі еңбек демалысын алып, түрлі жоспар құрып қояды. Пандемиядан кейін шетел шекарасы ашыла бастаған соң, халықаралық рейстерге болсын, ел ішіндегіге болсын билетке сұраныс өседі. Дегенмен жоспар кейде орындалмай, өзгеретіні бар. Мұндайда алдын-ала алынған билетті қайта өткізу туралы ойланамыз. Немесе басқа күнге ауыстыру қажет болады. Әуе билеттерін қайтару процесінде сіз білмейтін біраз нәрсе бар. Бүгін осы тақырыптағы сұрақтарға жауап береміз. Жалпы алғанда әуе билетін өткізуге немесе датасын ауыстыруға болатыны не болмайтыны, қанша ақшаңызды ұстап қалатыны сіз алған тарифке байланысты. Сондықтан билет алған кезде брондамай тұрып тариф шарттары мен ережелерін шолып шығу керек. Ұсақ-ұсақ қаріппен жазылғаннан бәрін оқып шыққан арты...
Жаңалықтар
Биыл бірінші тоқсанда орташа бір отбасының азық-түлікке жұмсаған шығыны 377 мың теңгеден ( айына 125 мың теңге) асқан. Бұл санды статистика мамандары есептеп шығарған. Бұл ақша былтырғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 15 пайызға артық. Алайда қазақстандықтар тұтыну көлемін қысқартпаған. Жалпы отбасылық бюджеттегі кірістің жартысына жуығы азық-түлікке кетеді.
Орташа статистикалық отбасы шығынының басым бөлігі азық-түлік пен сусынға кетеді (49 пайыз). Табыстың 23 пайызы азық-түлік емес тауарларға, 17 пайызы ақылы қызмет көрсетуге, 6 пайызы несиені өтеуге, 5 пайызы басқа да баптарға жұмсалады.
Азық-түлік бюджетінің ең үлкен «бөлігі» – 122,3 мың теңге бірінші тоқсанда ет сатып алуға жұмсалған (32%). Шығын көлемі бойынша екінші орында жарма...
Демалыс күндері Ресей арқылы экспортталатын қазақ мұнайының жолы кесілетіні жайлы жаманат хабар желдей есті. Кейбір ресейлік сайттар, одан беріде бірқатар желі қолданушылары мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Питербургтегі экономикалық форумда сөйлеген сөзімен байланыстырды. Новороссийск порты арқылы мұнай экспортының уақытша тоқтап тұрғаны рас. «Коммерсант» басылымының жазуынша, екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан қалған жарылғыш оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарына байланысты Каспий құбыр желісі консорциумындағы мұнай тиеу процесі доғарылған.
Ресей БАҚ-ы таратқан ақпаратта КҚК-дағы тиейтін құрылғылар жанындағы акваторияда 50 потенциалды қауіпті нысан анықталған. Ықтимал қауіпті объектілерді зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 16 маусымда консорциумның айлақтық қондырғыларына іргелес акватория кеме қозғалысына толығымен жабылды. Бұл мұнай тиеудің тоқтауына...
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 20 маусымда Алматы облысының Байсерке станциясында жұмысын бастады. Бұдан әрі құрам жаңадан құрылған Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде жұмысын жалғастырады.
«Саламатты Қазақстан» – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру және диагностикалау. Пойыз 2022 жылдың 20 маусымы мен 2 қарашасы аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа облыс – Жетісу, Абай және Ұлытау да тізімде бар.
Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан...
9,5 млн адам вакцина салдырған
20 маусымдағы мәлімет бойынша, 193 адам коронавирус инфекциясынан (–137+ және 56 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 44 пациент стационарда, 149 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.ҚР ДСМ
Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы Түркияға бет алған алғашқы құрлықтағы контейнерлік пойыз Тегеран станциясында жетті
Түркияның Паяс станциясына баратын 48 контейнерден тұратын, күкірт тиелген алғашқы пойыз Павлодар стансасында жасақталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұсынған жаңа логистикалық шешім жүк жөнелтушілер үшін ең алдымен жеткізу мерзімі тұрғысынан тиімді. Пойыз Каспий теңізі арқылы өтетін баламалы маршрутпен салыстырғанда небәрі 12 күнде 6300 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтеді.
Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асса Парсы шығанағы мен Түркия нарығына жүкті жоғары жылдамдықпен жеткізетін тұрақты бағыт қалыптаспақ. Ең бастысы бұл Қазақстан
Қазақстанның егемен кредит рейтингі «тұрақты» болжамды «BBB» деңгейінде
2022 жылғы 17 маусымда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB» деңгейін растады.
Орта мерзімді перспективада ағымдағы шоттың профицитімен қамтамасыз етілетін елдің елеулі сыртқы резервтері кредиттік рейтингті сақтаудың негізгі факторы ретінде бұрынғысынша қалып отыр. Fitch Ratings бағалауы бойынша Қазақстанның таза сыртқы резервтері 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37% – ын құрады, бұл салыстырмалы кредиттік рейтингі бар елдер тобы бойынша медиандық көрсеткіштен едәуір асады. Атап айтқанда, 2021 жылы ҚРҰҚ активтері ЖІӨ-нің 33,1% – ын, және алтын-валюта активтері ЖІӨ-нің 18% – ын құрады.
Агенттік елдегі қаңтар айындағы оқиғаларға, геосаяси тәуекелдердің іске асырылуына және...
Табысы жоғары аймақтар республикалық орташа көрсеткішке әсер етеді
ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов еліміздегі орташа жалақы қалай есептелетінін түсіндірді.
Биылғы жылдың соңғы тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 285 мың теңгені құрады. Түпкілікті көрсеткішке, бюро басшысының айтуынша, бірқатар факторлар әсер етеді.
«285 мың теңгенің қалай қалыптасқанын қараңыз. Бұл орташа жалақы, жеке салалар бар – тау-кен өнеркәсібі, банк және қаржылық қызмет, онда жалақы әлдеқайда жоғары. Осылайша, олар орташа деңгейді шығарады. Өңірлік қимаға қарасаңыз, бізде мұнайлы өңірлер бар, онда жалақы республикалық деңгейден жоғары. Мысалы, Атырау және Маңғыстау облыстарында еліміздегі ең жоғары жалақы деңгейі», – деді Жандос Шаймарданов БА...
Бұл туралы президент Зеленский мәлімдеді
Владимир Зеленский Украина 1 шілдеден бастап Ресеймен визалық режим енгізетінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Украина Ресей Федерациясымен визалық режім енгізіп жатыр… Министрлер кабинетінің жоспарлы шешіміне сәйкес, Украина 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының азаматтарына кіруге визалық режім енгізеді», – делінген Зеленскийдің Telegram-каналында.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын eGov порталында, eGov Mobile мобильдік қосымшасында және eGovKzBot2.0 телеграм ботында онлайн алуға болады. Сондай-ақ, соңғы жылдары Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да қызмет алу мүмкіндігі туды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу үшін бүкіл республика бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласында 8 ХҚО мен 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді және олардың әрқайсысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Оларда 100-ге жуық жұмыс орны ұйымдастырылып, азаматтарға кеңес беру үшін филиалдың 50-ден астам маманы жұмылдырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында кез...
Қазақстан нарығында сапалы алтын құйма шығарылғанымен, әшекей бұйымдардың барлығы шетелден әкелінеді. Әсіресе елімізде Италия мен Біріккен Араб Әмірлігінің 750 сынамалы алтынына сұраныс жоғары. Бүгінде бір грамм алтынның құны 19 000 теңгеден асады.
«Қазақстанда алтыннан жасалатын әшекей бұйымдар шығарылмайтындығын жақсы түсінген шетелдік компаниялар еліміздің нарығына дендеп еніп келеді»- дейді экономистер.
Бүгін де көрші Ресейдің зергерлік компанияларының барлығы тұтынушыларын Қазақстаннан іздеуде. Солардың қатарында UVI Jewellery зергерлік компаниясы да бар. Бұл компания өздері шығаратын зергерлік әшекей бұйымдарын стандартты бөлшек саудада емес, барлық тауарларын телеарна арқылы сататын әдіспен нарықты жаулауда. 2014 жылдан бастап халықаралық нарықта жұмыс істейтін ұйым тәулік бойы T-commerce және E-commerce...
Салынған айыппұл сомасы 3,2 млн. теңгені құрады
2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері 528 млн. теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті. Жеке тұлғалар ақшаны Алматы қаласының әуежайы арқылы алып өтуге тырысқан. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 551 және 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырылған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықталған.
Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн.теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы 3,2 млн. теңгені құрады.
Осылайша, қаңтарда «Алматы-Абу-Даби» бағытындағы әуе...
Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды
Мысыр министрлер кабинеті эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және вакцинацияның жақсы көрсеткіштеріне байланысты шетелдік туристер мен ел азаматтарының кіруіне коронавирусқа қарсы барлық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Қолданыстағы шектеулерді алып тастау уақыты хабарланбайды. Енді Мысырға кіру үшін ДДҰ немесе Ресей Sputnik мақұлдаған вакциналардың біреуінің вакцинациясы туралы сертификат, коронавирус сертификаты немесе ПТР сынағы қажет.
Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты: азаматтарға 86,6 миллион доза түрлі коронавирустық вакциналар, сондай-ақ ревакцинация үшін 4,5 миллион доза берілді.
Алматыда ғарыштық мониторинг көмегімен стихиялы қоқыс үйінділерін жою жүріп жатыр
Қазіргі заманғы технологиялар қоқыс пен олардың жинақталған орындарын табуға көмектеседі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда ғарыштық мониторинг көмегімен стихиялы қоқыс үйінділерін жою жүріп жатыр. Оның нәтижелерін арнайы геосервис бақылайды. Бұл қоқыс үйіндісінің түрін, күнін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері геопортал Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялық қоқыс орнын анықтады.
Жергілікті әкімдіктер аумақты тазалау жұмыстарын бастады. Қоқыс үйінділері бос жерлерде, қоршалмаған жеке жерлерде пайда болады.
Сондай-ақ, бұл қалаға қосылған елді мекендерде, Алматы облысымен шекаралас учаскелерде жиі кездеседі.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,6% құрады
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша 2022 жылғы I тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (8,3%), Маңғыстау (6,4%) облыстарында және Шымкент (6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (1,7%-дан) қаласында тіркелді.
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша 2022 жылғы I тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% құрады, бұл...
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз
022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 18,7%-ға, автобустардікі 29,1%-ға кеміді, бұл ретте жеңіл автомобильдердің саны 1,5%-ға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 357,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,4% – жүк және 1,8% – автобустар.
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,3%, жасы 10-нан 20 жылға дейін бұрын шығарылған...
WT: «Үрейленген» американдықтар қымбат бензинге байланысты азық-түлік сатып алуға үйден шыға алмай жатыр
Жоғары инфляция мен бензин бағасының кесірінен америкалықтар дүрбелеңге түсіп, жаппай азық-түлік көмегіне жүгініп, көлікті пайдаланудан бас тартуда, деп жазады The Washington Times басылымы.
Газет атап өткендей, бензиннің рекордтық құны азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасының жалғасуымен бірге табысы төмен адамдарға зиянын тигізе бастады, нәтижесінде олар азық-түлік банктеріне жаппай жүгінуге мәжбүр болды.
Тасымалданатын бензиннің жалпы құны шамамен 6 млн. теңгені құрайды
Тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделмеген бензиннің 34 тоннасын елімізден Қырғыз Республикасына әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кіістер комитетінде хабарлады.
2022 жылғы 4 маусымда «Айша-бибі» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өткен кезде АИ-92 маркалы бензинді еріткіш түрінде тасымалдаған жүк автокөлік құралы ұсталды.
Әкету фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізді.
Алдын ала деректер бойынша, тасымалданатын бензиннің жалпы құны шамамен 6 млн. теңгені құрайды.
Бұл ретте, тасымалданатын...
Тоқаев оның ұлттық мереке мәртебесін қалпына келтіруді тапсырды
Қазақстанда жаңа мереке – Республика күні пайда болады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерекені 25 қазанда тойлауды ұсынды.
Ол үшін Қазақстан мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізіміне бірқатар өзгерістер енгізуі қажет.
«Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжатты қабылдауда Нұрсұлтан Назарбаев маңызды рөл атқарды, деді Тоқаев.
«Бұл еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады...
Қазақстан Республикасындағы криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту жөніндегі іс-шаралар аясында АХҚО криптовалюта биржалары мен екінші деңгейлі қазақстандық банктер арасындағы өзара іс-қимыл ережелерін арнайы жұмыс тобы бекітті. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс тобына ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, сондай-ақ банк және цифрлық активтер нарығының бірқатар өкілдері кірді.
«Криптоиндустрия дегеніміз майнинг қана ғана емес, оның құрамына криптобиржа, цифрлық валюта, цифрлық әмиян және басқа да блокчейн технологиялар...
Мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 498,5 мың отбасы қамтылды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 498,5 мың отбасы қамтылды, оның ішінде мамыр айында 509,1 мың отбасына 28,3 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге...
Мұндай ұсыныс электр және байланыс нарығын монополиясыздандыру аясында айтылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі электр энергиясы мен байланыс нарығын монополиясыздандыру шеңберінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі «Қазақтелеком» АҚ үлесін азайтуды ұсынды. Бұл туралы Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің электр энергиясы мен байланыс нарығын монополиясыздандыруға қатысты ұсыныстары қаралғаны атап өтілді.
«Байланыс нарығын монополиясыздандыру шаралары аясында «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі үлесін азайту туралы ұсыныс енгізілді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі аталған шаралардың экономикаға ықтимал әсерін бағалау мақсатында айтылған тәсілдерді сарапшылық деңгейде пысықтауды тапсырды», – делінген хабарламада.
Еске салайы...
«Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Қызылорда облысынан келген 16 жасар қыз баланың миына күрделі ота жасап, талма сырқатынан құтқарды. Бұл ота пациентке МӘМС жүйесінде тегін жасалды» – деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Анасының айтуынша, 16 жасар Қарақат жеті жыл бойы талмасы ұстап, ауырып қала беретін. Алғаш рет 9 жасында болған. Ұстамалары тоникалық-клоникалық сипатта, сол қолынан басталып, көзін жұмып, басын оңға қарай 2 минутқа дейін бұрып қалатын, осылай аптасына 1-2 рет қайталанатын.
«Біз Қызылорда қаласындағы дәрігерлердің бақылауында болдық, құрысуға қарсы препараттар қабылдадық, бірақ уақыт өте келе бұл препараттар әсер етпей қалды, талмасы жи...
Компанияның хабарлауынша, Ресей-Украина соғысынан дүние жүзіндегі кәсіпорындар мен жеткізу желілері қатты зардап шекті
Шведтік IKEA желісі Ресейдегі барлық төрт зауытты сатады және компанияның осы елдегі қызметін айтарлықтай қысқартады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Жиһаз бен тұрмыстық бұйымдарды өндірушілер мен сатушылардың әлемдегі ең ірілерінің бірі саналатын компания IKEA-ның Ресей-Украина соғысы кезінде наурыз айының басында Ресей мен Беларусьтегі жұмысын тоқтатқанын еске салды.
«Өкінішке орай, жағдай жақсарған жоқ және жойқын соғыс жалғасуда. Дүние жүзіндегі кәсіпорындар мен жеткізу тізбегі қатты зардап шекті және біз жақын болашақта жұмысты қалпына келтірудің ешқандай жолын көрмейміз », – делінген компания мәлімдемесінде.
Хабарламада IKEA-ның Ресейдег...