Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде Қазақстанда, сондай-ақ шетелде техникалық, кәсіптік, жоғары оқу орны және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеуге болады. Бұл құралдың артықшылығы – азаматтардың жинақтарына 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы қосылады.
2013 жылдан бастап МБЖЖ-ға банктер қатысады, ал 2022 жылдан бастап оларға сақтандыру компаниялары қосылды. Сақтандырудың осы түрінің талаптары туралы толығырақ Fingramota.kz айтып береді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ МБЖЖ операторы болып табылады, ол білім беру салымдары мен жинақтаушы сақтандыру шарттарын тіркеумен айналысады, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын есептейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда МБЖЖ шеңберінде өз қызметтерін:
екінші деңгейдегі 4 банк ұсынады, оларда...