ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдер қозғалысының өкілдерімен бесінші кездесу өткізді, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында министр арнайы жұмыс тобы белсенділердің ұсыныстарын жан-жақты зерттегенін, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылатын тәсілдер туралы айқан.
Кездесуге қоғамдық қозғалыс өкілдері Майкен Бигарстанова, Марина Бачаева, Ольга Смирнова, Гүлнәр Смайылханова, Жанар Жибегенова, Ләйла Оспанова, Қарлыға Ахметбекова және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Азиза Шужеева қатысты.
Келіссөз барысында Тамара Дүйсенова белсенділердің ұсынысын министрлік жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы жан-жақты зерттегенін хабарлады. Бұл ретте келесі факторлар...