АШМ елдегі су тасқыны алдағы егіс жұмыстарына теріс әсер етпейді деп мәлімдеді. Өйткені облыс әкімдіктерінің дерегі бойынша, жоспарланған егіс алаңдары су тасқынынан зардап шекпеген. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл туралы «Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығының сауалына берген жауабында айтқан.
Ведомство мамандарының бағалауынша, топырақтағы ылғал қоры жеткілікті деңгейде. Бұған 2023 жылдың қыркүйегіндегі қатты жаңбыр мен қарлы қыс әсер еткен.
Егер егіс алқаптарын су басса, егін басқа жерге егіледі.
«Солтүстік аймақтарда қар жеткілікті болды және қатты аяздың алдын алды. Тиісінше, тоң қатпаған жер еріген суды жақсы сіңіреді және ылғал қорын арттырады. Сондай-ақ, күзде фермерлер ылғалды...