Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап, жағдаймен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралаудан басталған. Ол Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы жағдаймен танысқан.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке өңірде қалыптасқан жағдайға баланысты есеп берген. Әкімнің айтуынша, бүгінде облыстың 6 ауданы мен Орал қаласын су басып, 552 тұрғын үй мен 427 саяжай теліміне зиян келген.
Су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар өңірге көмекке Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары келген. Олар бүгінде су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін...