Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов су тасқыны негізгі үш мәселеге әсер ететінін атап өтті.
«Біріншіден, әлеуметтік салаға. Екіншіден, су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуі. Үшіншіден, зардаптарды жою үшін қажет қаржы шығынының артуы. Сондықтан базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім қабылдадық», – деді бас банк төрағасы.
Бұл ретте ол инфляция болжамын 7,9-9,5% дәлізінде сақтау қажет деп есептейді.
«Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім мамыр айында қабылданады. Содан кейін мен айтқан мәселелер бойынша нақты көрсеткіштер белгілі болады. Бұл базалық мөлшерлеме туралы шешімге келесі жолы қалай әсер ететін анықтауға ықпал етеді», – деп атап...