Таразда классикалық шахматтан ҚР Балалар Кубогының I кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның 17 облысынан 325 шахматшы қатысты. Командалық турнирде бірінші орынды алматылықтар иеленді.
ҚР Балалар Кубогының салтанатты жабылуы 29 наурызда өтті. 23 наурызда Таразда басталған турнирге Freedom broker қолдау көрсетті. I кезеңде Қазақстанның 17 облысынан 325 шахматшы бақ сынасты.
Командалық турнирде орындар былай бөлінді:
1 орын-Алматы
2 орын – Қызылорда
3 орын – Павлодар
«Биылғы жылы біз өңірлерде шахматты дамытуға және жарыс деңгейін көтеруге басымдық беріп, талаптарды біршама өзгерттік. Бұл шахматты бірінші кезекте біздің балаларымыз бен болашақ ұрпаққа танымал ету үшін де өте маңызды. Тараздағы Балалар Кубогыны...