Цифрлық дербестікті қорғау мақсатында Қазақстанда суперкомпьютер жасалады. Мәжілісте жасанды интеллектіні дамыту мен қолдануды құқықтық реттеу мәселелеріне арналған комитет отырысы өтті. Жиында қуаты күшті суперкомпьютер қашан іске қосылатыны белгілі болды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин суперкомпьютерді 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
«Ең бастысы, есептеу қуатын қалыптастыру керек. Бұл бағыттағы қадамдар бізге қажет болғаннан кейін іске асырылып жатыр. Осы орайда ұлттық компанияларға, университеттерге, мемлекеттік органдарға арнайы хаттарды жолдап, қанша есептеу қуаты қажет екенін зерттедік. Көптеген есептеуіш қуат шынымен жетіспейді. Қазір үш кезеңде суперкомпьютер жасауды және онымен жұмыс...