China Evergrande Group өз кірісін 78 млрд доллар деп асыра бағалады. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық бағалы қағаздарды реттеуші органы хабарлады.
Осы іске байланысты компания негізін қалаушы Хуэй Ка Ян тарихтағы ең ірі қаржылық алаяқтық істердің бірін істеді деп айыпталып отыр.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік орган компания 2020 жылға дейін екі жылдағы сатылымдарды алдын ала мойындап, нәтижесінде дефолтқа ұшырағанын хабарлады. Компанияның елдегі бөлімшесіне 4,18 млрд юань (581 млн доллар) айыппұл салған.
Evergrande компаниясының алаяқтығы дәлелденетін болса, бұл осыған дейінгі Қытайда ірі алаяқтықпен ұсталған Luckin Coffee Inc ісінен де шулы болады.
Компаниялар тексеру Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясының жаңа төрағасы...