Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңартылып жатыр. Бұл туралы ҚазАвтоЖолдың Telegram-арнасы хабарлады.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолының жалпы ұзындығы – 412 шақырым. Оның ішінде 204 шақырым Қызылорда облысына, 208 шақырым Ұлытау облысына қарасты. Бұл күре жолда кейінгі құрылыс жұмыстары 40 жыл бұрын жасалған.
Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары алты учаскеге бөлінген. Қазір бес учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде жолшылар 24-127 шақырым учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 127-216 шақырым учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға...