Жиырма жасқа толмаған азаматтар мен «ойын бизнесіне» белсенді тартылған қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуге қатаң талап қойылады. Көрсетілген санаттағы қарыз алушыларға бұрынғыдай оңды-солды несие берілмейді. Бұл – жаңа жылдан бастап банк пен микроқаржы ұйымынан несие алу қиындайды деген сөз.
Осыған қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДР) басқармасының қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
«Банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізу туралы» қаулының түсіндірме жазбасында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талап жеке тұлғаларға несие рәсімдеуде тәуекелдің пайда болуына жол бермеу үшін қажет екені көрсетілген. Осыған сәйкес клиентт...