Сингапур Қарулы Күштері мен Қытай Халық азаттық армиясы екіжақты әскери жаттығуларды қайта бастамақ, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Сингапур қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Бұл Сингапур әскерінің өзара ынтымақтастықты арттыру үшін шетелдік әскерлермен екіжақты және көпжақты жаттығулар өткізуге бағытталған жұмыстарының бір бөлігі. Дәл осы жаттығулар Сингапур мен Қытай арасындағы екіжақты әскери және достық қарым-қатынасын көрсетеді», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Бұған дейін екі ел әскерлерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу тәжірибесі коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған.
Bloomberg оқу-жаттығулар лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға бағытталғанын, 1 қыркүйекте басталып, екі аптаға созылатынын хабарлады.Сонымен қатар, биылғы жылдың басында Сингапур мен Қытай бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын өткізді, деп...