2028 жылға қарай өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 50%-дан 33%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі қазіргі 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді. Бұл – трансферттер жүйесін қайта теңгеру және жергілікті кірістерді ұлғайту есебінен мүмкін болып отыр.…