Жыл соңына дейін тағы 37 компания Қазақстанға көшуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов айтты.
«Үкімет шетелдік компаниялар мен ірі кәсіпорындарды көшіру мәселесімен айналысуда. Біздің тізімде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі күні құны 1,5 миллиард доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтижелер бар. Қазіргі кезде 37 компаниямен жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге қандай компаниялар екенін ашып айта алмаймын. Әр компания бойынша жеке жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс», – деді вице-министр Бауыржан Құдайбергенов.
Өңдеу өнеркәсібі, ІТ салаларына басымдық беріледі
Ол 37 шетелдік компанияның жалпы капитализациясы шамамен 1 миллиард доллар екенін атап өтт...