1 наурыздан бастап республиканың біртұтас уақыт белдеуі UTC+5 болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақта уақыт өзгереді. Осыған байланысты көптеген қазақстандық банктер клиенттерге техникалық жұмыстар мен уақытша ақаулар болатыны туралы хабарлайды.
Банктердің жұмысында не өзгереді
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Бұл уақытта елдегі банктердің жұмыстарында кідірістер болуы мүмкін.
Мысалы, Halyk Bank 29 ақпан күні сағат 23:00-ден 1 наурыз күні сағат 8:00-ге дейін Onlinebank-те техникалық жұмыс жүргізетінін ескертті. Сондықтан 1 наурызда кейбір қызметтер қолжетімді болмауы мүмкін. Банктің баспасөз қызметі 29 ақпанға дейін өзара есеп айырысу мен төлемдерді аяқтауға кеңес...