Қазақстандық компаниялардың әлемдік қор нарығында саудаланатын акциялары кеше біршама өсті. Әсіресе Лондон қор биржасына (LSE) шыққан Air Astana компаниянының бағалы қағаздары бірінші сауда күні 5,26% қымбаттаған. Бұл туралы Қазақстан миноритар акционерлері қауымдастығының телеграм-арнасы жазды.
Сауда-саттық барысында әуе компаниясының ғаламдық депозитарлық қолхаттарына (ҒДҚ) ұсылынған ең жоғары баға – $10,15, ең төменгі – 9,89 болып, ең соңғы бағасы $10 көлемінде қалыптасты. Бір күндегі сауда-саттық көлемі $4,9 млн құрады.
LSE-де саудаланатын Kaspi ҒДҚ-лары 15 ақпанда 3,32% қымбаттап, 3,32%-дан сатылды. Финтех тобының бағалы қағаздарына ұсынылған ең төменгі баға 91 доллар болса, ең жоғары көрсеткіш $94,4 болды. Сауда-саттық көлемі $1, 3 млн...