Декларация тапсырған соң әр адамның мүлкі туралы ақпарат толық берілетін болады. Күзде талай адамның жеке деректері телеграм боттарға тарап кеткені секілді, бұл жеке ақпараттың тарап кетуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген жауап берді.
«Бізде Салық кодексінде салықтық құпия деген анықтама бар. Сол кодекстің 30- бабында салықтық құпияға жатпайтын мәліметтердің тізімі бекітілген. Сол тізімге кірмейтін барлық мәлімет құпия сақталады. Яғни декларацияда көрсетілген мүлік туралы мәліметтердің құпиялылығы толық сақталады», – деді.
Жалпы екінші кезең қатысушылары декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыруы...