Rixos Aktau қонақүйіне Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуы аясында аймақтың экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеруден кейін, әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Lada сайты хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, тексерістің нәтижесінде қонақүйдің экология заңнамасын бұзғаны анықталған.
«Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» және «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» баптары бойынша іс қозғалды», – делінген хабарламада.
Rixos Aktau қонақүйіне Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуына қатысы
Еске сала кетсек, Қаракөл көлінде 800-ден аса аққудың қырылуына байланысты қонақүйді жоспардан тыс тексеру басталды деп хабарладық. Желіде қонақүйден Қаракөл...