Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 173 млрд теңге зейнетақы қаржысына Ұлттын банк «Бәйтерек» холдингінің облигацияларын сатып алуына қатысты пікір білдірді. Бұл қаражатты холдинг жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсайды.
Оның айтуынша, қаржы институттарының нарықтан қаражат тартуы – әлемдік тәжірибе. Бұл ретте ең маңыздысы – зейнетақы қаржысының табыс әкеле отырып, қайтатынына кепілдік берілуі.
«Қаржының дәл қандай жобаларға салынып жатқанына назар аудармас едім. Бұл жерде ақшаның қайтатынына кепіл беру маңызды. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарына инвестициялық кіріс қамтамасыз ету үшін жарна салымшыларына пайда әкелуге тиіс. Сонымен қатар тәуекелі жоғары болмағаны жөн. Қаржы институтының, атап айтқанда, «Бәйтеректің» міндет...