Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйелі Ғалия Ысқақоваға, қылмыстық іс бойынша министрдің адвокаты болған Мұқтасым Төлеевке қатысты сот басталды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Арада бірнеше апта өткеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталғанын хабарлады. Ал министрдің мүддесін қорғаған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінген. Мұстақым Төлеев қамауға алынды.
Агенттіктің хабарлауынша, адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінен пара ретінде 460 мың доллар алған. Оны сот органдарының лауазымды адамдарына беруге алған. Ол жазасын жеңілдету және қамаудан босату...