«Otau TV» операторы мен «Бірінші арна» келісмшартқа қол қоймағаны себепті, ресейлік телеарналар көрсетпей қалды. Бұл мәселеге қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап берді.
Министрліктің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес телеарналар мен жеке телерадио хабарларын тарату операторлары арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған шарттар негізінде реттеледі.
«Бірқатар ресейлік телеарналардың авторлық құқық иегері «ПКВС Казахстан» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастық туралы бірнеше рет жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша TVCOM 2024 жылға арналған келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз»,- делінген министрлік мәлімдемесінде.
Екі тараптың келісе алмауына ресейлік арналар пакетінің тым қымбаттап кеткен себеп болған. Министрлік «ПКВС Казахстан» ЖШС-нің бағаны бес...